Суреттерді түсірген Әсем Айыпова
Соғыс жылдарындағы «Катюша», «Синий платочек» сияқты әндер шырқалды. Музыкалық коледж оркестрі «Жеңіс күні» вальсін орындады. Сарайдың «Вдохновение», «Анастасия», «Блэйз» сияқты би студияларының биші қыздары мен қаладағы Кадет әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілері вальс биледі.
Мерекенің ұйымдастырушысы Марина Билаядың айтуынша, біздің өңірден де осыдан 70 жылдай уақыт бұрын 46 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанса, олардың 22 мыңнан астамы майдан даласынан оралмаған көрінеді. Әрбір отбасының жан-жарасы, естеліктері бар. Соғыс жылдарының әуендері мен билері ешқашан ұмытылмайды. Өйткені, оны еске алушы біздер бармыз,-дейді. Әуенді вальс билерінен соң, алаңағ шыққан сарайдың «Жас даурен», «Арман шоу», «Дебют», «Айдар-ай!» ән топтары «Ана туралы баллада», «Әлия» әндерін орындады.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар